Туберкулез несімен қауіпті?

Туберкулез несімен қауіпті?

Туберкулез – ел арасында «құрт ауруы» деген атаумен танымал болған инфекциялық індет. Ол «туберкулез микробактериялары» деп аталатын бактерияларды туындатады. Туберкулезден адамның барлық мүшелері, көбіне өкпесі зақымдалады.

 

Белгілері

Туберкулездің белгілері организмнің онымен зақымданған ағзасына байланысты.  Өкпе туберкулезінің белгісі – екі аптадан аса уақытқа созылатын жөтел. Жөтелден адам қақырық бөледі, кейде қан түкіреді. Басқа да жиі кездесетін белгілері: қызудың көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбет жоғалту, салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Осы айтылған белгілер байқалған жағдайда, өз қалауыңыз бойынша бекітілген, тұрғылықты мекенжайыңыздағы емханаға дереу қаралуыңыз қажет.

Туберкулезге тексерілу (жалпы тәжірибелік дәрігер, қақырықты зерттеу (2 рет), микроскопиялық және туберкулез микобактериясына, молекулалық-генетикалық әдістерді жүргізу, сонымен қатар рентгенологиялық тексерулер жүргізу тегін. 

 

Қалай таралады?

Инфекцияның негізгі таратушысы – сөйлегенде, түшкіргенде және жөтелгенде айналасына туберкулез микобактерияларын (ТМБ) бөлетін өкпе туберкулезінің ашық түріне шалдыққан науқас адам. Тыныс алғанда тамшылар іспеттес (аэрозольдер) ТМБ адам өкпесіне енеді, сондықтан ауруды осындай жолмен жұқтыру ауа жолымен жұқтыру деп аталады.

Егер иммунитет мықты болса, организмге түскен микобактериялар дерт тудырмайды. Біз тыныс алатын ауа бәріне ортақ болғандықтан, туберкулез микобактерияларын жұқтырудан ешкімге ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан кез келген дені сау адам туберкулез микобактериясын жұқтыруы мүмкін. Алайда туберкулез микобактерияларын бөлетін науқаспен қатынаста болған адамдардың бәрі бірдей дертке шалдыға бермейді. Науқас туберкулез қоздырғыштарын неғұрлым ұзақ уақыт бөлген сайын туберкулезге шалдығу қаупі күшейе түседі. Науқастың отбасындағы адамдар, достары, әріптестері үшін туберкулез жұқтыру қаупі басым. Ол науқаспен қол алысқанда, онымен ортақ ыдыс-аяқ пайдаланғанда жұқпайды. Өкпеден тыс туберкулез түріне шалдыққан науқастар айналасындағы адамдарға ауру жұқтырмайды, қауіп төндірмейді.

 

Кездесу жиілігі 

Әлем халқының 1/3 бөлігі туберкулез микобактерияларын жұқтырған.  Оның ішінде олардың 8-10 миллионы жыл сайын туберкулезбен сырқаттанады, 1,5-2 миллионға дейін адам көз жұмады. Қазақстанда жыл сайын 12 мыңнан астам адам осы ауруға шалдығады. Туберкулезбен әрбір адам, оның әлеуметтік мәртебесіне, хал-ауқатына қарамастан шалдығуы мүмкін.

 

Микобактерияларының жұғуы 

Туберкулез микобактериялары организмге түскенде, көп жағдайда адам организмінің қорғаныс күштері мен иммундық жүйесі олардың көбеюіне жол бермей тоқтатады. Ондай жағдайда организмде белсенді емес тірі бактериялар қалып, адам ауру жұқтырған болып есептеледі, әйткенмен ол  туберкулезге шалдыққан науқас болып табылмайды. Туберкулездің мұндай белсенді емес тірі бактериялары белсенділікке ие болып көбейіп, дерт шақыруы мүмкін. Бұл дерт жұққаннан кейін тез дамуы мүмкін немесе араға бірнеше жылдар салып дамуы мүмкін.

Ауру жұқтырған адамдар жұқтырушы болып есептелмейді және оны таратушы болып саналмайды:

• Оларда туберкулез белгілері жоқ; 

• Туберкулин сынамаларына оң реакциялары бар. 

 

Дертке шалдығу дегеніміз не?

Құрт ауруына шалдыққан адам организмінің қорғаныс күштері әлсіреген жағдайда туберкулез микобактериялары белсенділікке ие болып көбейеді. Ауру белгілері адамның қай мүшесінің дертке шалдығуына қарай айқындалады.

АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың бұл дертке шалдығу қаупі басым. Сондықтан дерттен сақтандыру үшін оларға 6 айға дейін бір немесе екі туберкулезге қарсы дәрілер қабылдау тағайындалады. Туберкулез микобактериясын жұқтырғаннан кейін дерттің күшею қаупі мына адамдарда жоғары:

• Созылмалы ауруларға шалдыққан (қант диабеті, гормонға тәуелді сырқаттар); 

• Ішімдік пен есірткіге тәуелді адамдар; 

• Салмақ жоғалтқан адамдар. 

Туберкулез диагнозын дәрігер фтизиатрлар мынандай негіздерге сүйене отыра қояды:

• Ауру белгілеріне;  

• Молекулярлық-генетикалық әдістердің оң нәтижесіне; 

• Микроскопия мен қақырықтың оң нәтижесіне; 

• Өкпедегі рентгенологиялық өзгерістерге.

 

Түбегейлі айығып кету мүмкін бе?

Бұл дерт барлық уақытта емделеді! Бұл үшін дәрігер фтизиатрдың белгілеген емдеу курсын толығымен аяқтау қажет (6 айдан 8 айға дейін). Ем 4-5 түрлі дәріні бір уақытта қабылдаудан басталады. 2 немесе 3 айдан кейін дәрігер күнара қабылданатын дәрілерді 2-3 дәріге дейін азайтады.

Әдетте науқас белгіленген дәрілерді 2-3 апта жүйелі түрде қабылдағаннан кейін жұқтырушы болып есептелмейді. Алайда дерттен толығымен айығу үшін және дертке қайта шалдығудың алдын алу үшін ем курстарын 6-8 айға дейін жалғастыру қажет. Туберкулезге қарсы дәрілерді үзіліс жасап қабылдау және толық ем курсын алмау емге көнбейтін туберкулез қаупін тудырады. Мұндай туберкулезді емдеу ұзақ әрі күрделі.

 

Емі 

Науқасты емдеу әдетте туберкулезге қарсы диспансерде басталады. Алайда белгіленген ем курстары емханаларда тікелей бақылаудағы ем кабинеті мейірбикелерінің қарауымен амбулаториялық жағдайда жүргізіледі. Тікелей бақылаудағы ем дегеніміз не? Бұл – күнде дәрі қабылдау үшін тікелей бақылаудағы ем кабинетіне келіп кабинет мейірбикесінің қадағалауымен қабылдау. Науқас айналасына дерт жұқтыру қаупін тудырмайтын жағдайға жеткенде, оның жұмыс істеуіне болады, сондай-ақ оқып, білім алып, ел қатарлы өмір сүре алады.

Туберкулезге тексерілуден және емделуден бас тартқан адам, сондай-ақ дәрі қабылдауды үзген адам сот шешімі бойынша белгіленген ем курсы аяқталғанша мәжбүрлі түрде емделуге жіберілуі мүмкін.

 

Дәрі-дәрмекке көнбейтін бұл қандай ауру? 

Пациент белгіленген дәрілерді араға үзіліс салып қабылдаған жағдайда және толық қабылдамаған жағдайда дәріге көнбеушілік қозады. Туберкулезге шалдыққан науқас дерттен емделу тәртібін бұзып, үзіліс жасағанда немесе толық емделмеген жағдайда, бұл науқастан дерт жұқтырған адамда да дәріге көнбейтін туберкулезге шалдығу қаупі туындайды.

Дәріге көнбейтін туберкулездің туындауына жол бермеу үшін дәрілерді үнемі бақылай отыра, толық қабылдау керек!

Дерттің қоздырғышы туберкулезге қарсы негізгі дәрілер болып табылатын мынадай екі дәріге – изониазид және рифамицинге көнбеген жағдайда, бұндай туберкулез көп дәрілерге көнбейтін туберкулез (КДК ТБ) деп аталады.

КДК ТБ 20-24 ай бойы 5-6 туберкулезге қарсы дәрілермен емделеді. КДК ТБ-ны емдеу туберкулезге қарсы диспансерлерде де жүргізіледі. Ем курсының негізгі бөлігі емхананың амбулаториялық тәртібімен, тікелей бақылаудағы ем кабинетінде кабинет мейірбикесінің қадағалауымен жүргізіледі.

Көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез қоздырғышы сондай-ақ, екінші қатардағы инъекциялық дәрілерге және фторхинолға көнбеген жағдайда қоздырғыш шақыратын туберкулез ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез болып табылады (АДК ТБ). Қазіргі таңда АДК ТБ бүкіл әлемде үлкен қиындықтар тудырып отыр.

Туберкулезді ескерту (алдын алу) үшін қандай шаралар қабылдауға болады?

Туберкулездің таралу қаупін төмендетудің бірден-бір тиімді әдісі – әрбір туберкулез жағдайын дер кезінде анықтау және емдеу!

Халық көп жиналатын орындарды жиі желдетіп, ауасын тазартып тұру туберкулездің таралу қаупін төмендетуге көмектеседі.

Барлық адамдар жөтелу этикасын сақтауға тиіс. Адам жөтелгенде немесе түшкіргенде аузын орамалмен немесе білегімен жауып жөтелуі тиіс. Осы әдістерді ұстана отырып туберкулезбен шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетуге болады. 

 

Қорытынды

• Туберкулез – туберкулез микобактериялары қоздыратын инфекциялық дерт.

• Туберкулез қоздырғыштары науқас адамнан дені сау адамға ауа арқылы тарайды.

• Туберкулез емделеді! Туберкулезден  айығу үшін дәрігер фтизиатр белгілеген ем курсын толық қабылдап, аяқтау қажет.

• Дәрігер тағайындаған дәрілерді араға үзіліс салып қабылдаған жағдайда және ол дәрілерді толық қабылдамаған жағдайда көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез туындайды, туберкулездің бұл түрін емдеу күрделі және әлдеқайда ұзақ уақытты қажет етеді (20–24 ай).

• Туберкулезден емделу пациенттің дәрі қабылдап жатқан жеріне қарамастан медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.

• Туберкулезді тексеру және емдеу – тегін!

• Адам жөтелгенде немесе түшкіргенде аузын орамалмен немесе білегімен жауып жөтелуге тиіс. Бұл дерттің таралуын төмендетеді.

• Ауру жағдайын дер кезінде анықтау және емдеу – туберкулездің таралу қаупін төмендетудің тиімді әдісі.

• 15 жастан жоғары азаматтар жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өтіп тұруы міндет.

 

Сәуле Ахатқызы АШЕН, Алматы қаласы ШЖҚ «№ 23 Қалалық емхана» МКК Бас дәрігері
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633