Туберкулезге қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды

Туберкулезге қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды

Жаһандық сипат алатын аурулардың қатарында тұрған туберкулез дерті біздің елімізде мемлекеттің назарында тұрған індеттердің бірі. Дегенмен жыл өткен сайын бұл жұқпалы дертпен ауыратын адамдардың саны азайып келеді. Мұндағы нәтижені кешенді түрде жүргізіліп жатқан жалпықоғамдық сақтық шаралары мен мемлекеттік жүйелі бақылау мен медицина мамандарының жан-жақтылы жүргізіп жатқан алдын алу шараларынан бөле қарауға болмайтындығын айта кету керек. Қазіргі таңда туберкулезбен күресуде өзара серіктестік жобалары да жүзеге асырылып жатыр. 

11 қазан күні Астана қаласының әкімдігінде «Елордада туберкулезді жоюда ведомствоаралық өзара іс-қимыл шараларын күшейту және «Қазақстанда туберкулезді тоқтатайық» ұлттық серіктестігін дамыту» адвокаттық кеңесі өтті. Іс-шара аясында Астанада «Туберкулезді тоқтатамыз» серіктестік өкілдігінің ашылуына арналған Декларация мен Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде Астанада «Туберкулезді тоқтатамыз» өңірлік серіктестігінің төрағасы болып Еуразиялық медициналық қауымдастықтың Вице-президенті Надежда Петухова сайланды. Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке тең төрағасы болып тағайындалды.

Сөз кезегінде қала әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов: «Бұл елордада туберкулезге қарсы күресті нығайтудағы маңызды қадам. Біз әртүрлі ведомстволардың, азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіру осы аурудың алдын алу мен емдеуде елеулі нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне және қоғамдық денсаулық сақтау проблемалары ретінде туберкулезді жою мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деді.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6324
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5762
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8958
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6756
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7961