ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Қорағаты ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекеніндегі халықпен кездесуде де бірқатар мәселелер көтерілді. Бүгінде барлығы 57 түтін тұратын ауылда азды-көпті мәселенің бары рас. Алайда, оның барлығы да жұмыс жоспарына сәйкес рет-ретімен шешімін табуда.
Еңбектіктерді алаңдатқан алғашқы мәселе - мұндағы білім ошағының қазіргі жай-күйі. Ауылдағы бастауыш мектепке қатысты айтылған түйткіл алдағы уақытта шешімін табатын болады.
Одан бөлек, мұнда ағын суға қатысты да шешімін күткен мәселенің бар екені рас. Ол бойынша қазіргі кезде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде. Бұл ретте аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков те ағын су мәселесіне қатысты прокуратура тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге, ауылдықтар көше жолдары мен жарықтандыруды ретке келтірсе деген тілектерін жеткізді. Оның барлығы да жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.
Шу ауданы әкімдігі
22.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5004
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5170
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20125
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18770
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22226