ТҮЛКІБАСТА СОЛТҮСТІК ӨҢІР ӨКІЛДЕРІМЕН «ҚОНЫС АУДАРУ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАСТА СОЛТҮСТІК ӨҢІР ӨКІЛДЕРІМЕН «ҚОНЫС АУДАРУ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түлкібас ауданында «Аудандық мәдениет үйі» ғимаратында еңбек күшін қажет ететін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды ерікті түрде көшіру жұмыстары бойынша тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы 2015 жылдан бергі көрсеткіштерге сәйкес, жұмыс күші аз Солтүстік өңірлерге Оңтүстік аймақтардан жалпы саны 14 874 адам қоныс аударған.
Делегация қатарында Павлодар облысынан "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің директоры Есембаева Меруерт Сейтбекқызы, «Успен аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Макатаев Серік Қайргелдіұлы, Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшысы Неғметулла Қолқанат Ерланұлы, Ефремов ауылдық округінің әкімі Гапу Сапаржан Гапуовна және Солтүстік Қазақстан облысынан «Мамлют аудандық мансап орталығы» филиалының директоры Самарханұлы Еркін, Ғ.Мүсірепов ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшысының орынбасары Шегебаев Баян қатысып, түлкібастықтарды солтүстік өңірлерге қоныстануға шақырды.
Іс шараға 250 адам қатысып, оның ішінде қоныс аударуға кеңес алғандар саны 30 болса, көшуге ниет білдіргендер саны 8 отбасы болды. Павлодар облыстық "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің директоры Есембаева Меруерт Сейтбекқызы Солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыру бойынша үгіт-насихат жүргізді.
Мемлекет Солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы береді. Бұдан бөлек, қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа орналастыруы және жеңілдікпен баспана алуға көмектесуі тиіс. Ал қоныс аударғандарға жұмыс ұсынған жұмыс берушілерге 400 АЕК (1 476 800 теңге) субсидия беріледі.
Кездесу соңында тұрғындар қоныс аудару бойынша кеңестер алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 59
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 46
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 137
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 120
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 532
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 501
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 522
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 519
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 513
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 530
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9765
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12373
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11351