Бүгін елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық сенбілік аясында ауыл-аймақты көгалдандыру мақсатында аудан аумағындағы республикалық, облыстық маңызы бар жол бойларына, елді мекендердің кіре берістеріне аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен 680 түп шырша, арша, қарағаш, ерен(яссень) ағаштарының көшеттері егілді.
Жалпы биылғы көктемде аудан аумағында 29 590 дана сәнді, жеміс және тағы басқа ағаштарының көшеттері егілсе, соның 4600 данасы ауыл тұрғындары және демеушілер есебінен “Таза Қазақстан” науқаны аясында отырғызылып отыр.
Осылайша, Түлкібас ауданында көгалдандыру мақсатында мемлекет және аудан жанашырлары тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жалпыхалықтық сенбілікке ат салысқан жандар туған жер жанашырлары екенін аңғартты.