Аудан әкімі аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Байқожаев Берікбол Ұзақұлы аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуге ауданның мемлекеттік қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, аудан жастары және аудан тұрғындары қатысты.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Байқожаев Берікбол Ұзақұлы Конституциядағы адам құқықтары, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері, Уәкіл қызметінің қағидаттары, Уәкіл қызметінің кепілдіктері, Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың міндеттері, өтініштерді қарау тәртібі туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, облыста атқарылған жұмыстарымен, статистикалық мәліметтерімен таныстырды.
Кездесудің соңында аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, консультациялық кеңестер берді.