2026 жылғы 10 сәуірде Ташкент қаласында Әмір Темір мұрасына арналған халықаралық ғылыми конференция аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Ислам өркениеті орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл орталық Өзбекстан Республикасының Президенті бастамасымен құрылған.
Құжатқа Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Актоты Райымқұлова және Ислам өркениеті орталығының директоры Фирдавс Абдухаликов қол қойды.
Келісім түркі әлемі мен ислам өркениетінің мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету және насихаттау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Тараптар мәдени және ғылыми іс-шараларды, көрмелер мен форумдарды бірлесіп өткізуге, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу бастамаларын дамытуға уағдаласты.
Құжатта бірлескен басылымдар дайындау және шығару, білім мен тәжірибе алмасуды кеңейту, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру.















