ТҮРКІСТАН: 1 ТАМЫЗ БЕН 30 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯ ӨТЕДІ

 ТҮРКІСТАН: 1 ТАМЫЗ БЕН 30 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯ ӨТЕДІ
 Балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы көтере бермейтіні рас. Осы ретте дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл «Жақсылықты жаса» ұранымен басталып, еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Айгүл Қасымбекова мен Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбайдың қатысуымен «Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы туралы брифинг өтті.
Баспасөз мәслихатында Айгүл Ерғалиқызы жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алатындығын айтты.
 
– Әрбір азамат акция аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындау үшін атаулы көмек көрсетуде белсенділік таныта алады. Балалардың мектепке жолы қуанышты болуы үшін балаларға шынайы қамқорлық пен назар аудару қажет. Акцияны ұйымдастырушылар қатарына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың (қалалардың) әкімдіктері, білім басқармалары, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер және кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың мүшелері, басқа да мүдделі тараптар кіреді. Биыл жалпыға міндетті білім қоры есебінен 32 мыңнан аса балаға 40 567 теңге көлемінде көмек көрсетіледі, - деді Білім басқармасының өкілі.
 
Брифингте белгілі болғандай, аудан, қала әкімдіктері «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, сондай-ақ, мектеп формасы мен оқу құралдарын халыққа қол жетімді бағада ұсыну үшін жәрмеңкелер өткізеді.
 
– 2023 жылдың тамыз айында «Атамекен» ҰҚП-ның мектеп тауарларын өндіретін кәсіпкерлерімен келіссөз жүргізілді. Осы ретте мектеп формасына қатысты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 17 аудан, қала әкімдіктерінің шалғай ауылдарында «Мектеп жәрмеңкесі» өткізіледі, - деді Самат Жандарұлы.
Облыс аумағында 4 кәсіпорын және 5 жеке кәсіпкер айына 15 мың дана мектеп формасын тігуге мүмкіншілігі бар. Ал аяқ киім тігумен Арыс қаласында «Арай» ӨК айналысады.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540