ТҮРКІСТАН: 800-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: 800-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ
Түркістан өңірінің мектеп директорлары «Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері» бағдарламасы бойынша оқыту курсына қатысуда. Білім басқармасы және «Педагогикалық шеберлік орталығы», облыстық «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен жалпы 767 орта білім беру ұйымы басшысын біліктілікті арттыру курсынан өткізу жоспарланған. Дәрістерді Алматыдан арнайы келген «Педагогика шеберлік орталығының» тренері Берік Асубаев өткізді.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев біліктілікті арттыру курсының жүргізілу барысымен танысты. Кездесуде тренер-оқытушы және мектеп директорларымен пікірлесіп, тың жаңалықтарды бөлісті.
— Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға өзі бас-көз болып, игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Ұстаздардың білімін жетілдіру арқылы тәрбие бағытын ілгерілетумен қатар жаңа көшбасшыларды анықтаймыз. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен республикада алғаш рет біздің облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ үздік сала қызметкерлерін басшылық қызметке конкурссыз тағайындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 150 адамнан тұратын кадрлық резерв жасақталуда. 2025 жылы да жалғасын тауып, арнайы лидерлердің кадрлық жасағын қалыптастырамыз. Мемлекет тарапынан білім саласына, оның ішінде ұстаздар қауымына жасалынып жатқан қамқорлық ерекше. Жан-жақты қолдаулар тоқтамайды. Адал еңбегіміз арқылы күш біріктіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайық! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
21 қазанда басталған «Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері» бағдарламасы аясындағы курс сәтті аяқталды. Оқыту 3 лекке бөлінді. Қатысушыларға сертификат беріліп, әрі қарай сүйемелдеу жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуіне мұндай ауқымды іс-шаралар тұрақты өткізілмек.
Айта кетейік, бұған дейін түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда «Жайлы мектеп» пен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
07.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 49
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 577
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 691
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 606
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 615

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8152
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11381
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9135
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10366