ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, комиссия бойынша Түркістан облысының кураторы Баян Жандосова және облыстық комиссия мүшелері, құзырлы орган қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және комиссия мүшелері селекторлық форматта қатысты.
Жиында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова Әкелер институтын дамыту және әкенің отбасылық тәрбиедегі рөлін арттыру туралы айтты. Облыс әкімінің отбасы және әйелдер істері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, комиссия мүшесі Инара Намазбаева облыстық деңгейдегі гендерлік бюджеттеу жөніндегі жобаны іске асыру қорытындылары туралы баяндады.
– Бүгінгі таңда бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін көтеру, әке институтын нығайту және балалардың бойында патриоттық сезімді, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері өзара байланыста болуы тиіс. Күшті отбасының қалыптасуында, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда, ерлердің мінез-құлқын қалыптастыруда әкелердің белсенділігі қажет. Бүгінде Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында облыста тиісті жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде, – деген Бейсенбай Тәжібаев айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді хаттамаға түсіруді тапсырды.
Жиынның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Аудан, қала әкімдерінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар қызметіне жасалған мониторинг қорытындысы баяндалды. Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2024 жылғы жұмыс қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлары талқыланды.
Басқосу соңында облыс әкімінің орынбасары аталған комиссия жұмысын жандандыруды тапсырды.
Айта кетейік, өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етіп келеді. Облыс көлемінде шамамен 210 258 мың кәсіпкер болса, оның 90 мыңнан астамы – әйелдер. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1%-на нәзік жандылар басшылық жасауда. Әйелдердің басым бөлігі білім беру мен денсаулық саласында еңбек етуде. Сонымен қатар Түркістан облысындағы іс басындағы 5631 мемлекеттік қызметшінің 1553-ы – әйелдер. Оның ішінде, 235-і басшылық лауазымдарды атқарады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Қауіпсіздік – бізге байланысты
Материал Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД ақпараты негізінде дайындалды - 27.12.2024 110
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.12.2024 32
ТҮРКІСТАНДА ҮШ АҚЫННЫҢ КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.12.2024 32
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 608
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 739
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 745
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 735
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 742
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 518

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11797
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10726
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13956
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12917
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17923