ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ
 
Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жұмыс барысы бүгін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі. Облыс басшысы оқу жылына дейін тапсырылуға тиіс мектептердің құрылысын, жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
– Білім саласына биыл бюджеттен 597 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 4 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. Оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындауға қаражат жеткілікті. Аудандарда кездесу өткізгенде мектеп мәселесі жиі көтеріледі. Мысалы, Сайрам және Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары созылған. Нәтиже болмаған соң өзім баруға мәжбүр болдым. Сарыағаш ауданындағы №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының созылуына орай жауапты мердігер мен жұмысына салғырт қараған тұлғаларды анықтап, заң аясында жауапкершілікке тартуды ұсынамын, – деді облыс әкімі.
Облыстық білім басқармасының атауынын өзгеруіне байланысты аудан, қалалық білім бөлімдерінің атаулары өзгертіліп, қаржы операцияларын жүргізуге мүмкіндіктері бар. Осы және өзге де дайындық барысы туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев баяндады.
– Бірінші кезекте қызметкерлердің айлық жалақылары мен ІV тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 3 мыңға жуық балаға мектеп формасы үшін ата-аналарының жеке шоттарына қаржылық аударым жүргізіледі. Сонымен қатар келесі жылдан бастап білім саласын басқару жүйесіне өзгерістер енгізілуде. ҚР Үкіметінің тапсырмасымен аудан, қалалардың әкімдіктеріне мемлекеттік білім беру ұйымдарын әкімшілік-экономикалық қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Ал оқу-тәрбие процесін қаржыландыру, облыстық білім басқармасында болады,– деді облыс әкімінің орынбасары.
Дайындықтың негізгі міндеттерінің бірі, білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз ету. Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 млн. 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізіледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылданады. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 млрд. теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді.
Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп (жалпы көлемі 5 мыңнан астам орындық) пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.
Облыс колледждеріне биылғы жылға кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 млн. теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.
Биыл облыстағы 50 184 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет және демеушілер есебінен алып беріледі. Қазіргі таңда 41 734 балаға көмек берілді. Оның ішінде мемлекет тарапынан 32 312 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалса, демеушілер есебінен 9 422 балаға түрлі көмектер берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
29.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509