ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ КИІЗ ҮЙ ЖАБДЫҚТАРЫН ӘЗІРЛЕУДІ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ КИІЗ ҮЙ ЖАБДЫҚТАРЫН ӘЗІРЛЕУДІ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН
Елімізде шағын бизнесті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Түркістан облысында өңір дамуына үлес қосып, жеке кәсібін дөңелетіп отырған азаматтар саны аз емес. Олардың қатарында Келес ауданының Бесқұбыр ауылында тұратын Мөлдір Нұғманова да бар. Ол жұбайы мен балалары жасаған киіз үйдің жабдықтарын тігіп, отбасылық кәсіпке айналдырып отыр.
– Киіз үй кәсібін бастағанымызға екі жыл болды. Цехта жергілікті бес азаматты жұмыспен қамтып отырмыз. Тапсырыс көбейіп жатса, жұмыс орнын қосуға дайынбыз. Осы таңға дейін 150 киіз үйді тапсырыспен жасап шықтық. Қазіргі таңда Өскемен қалсынан 20 киіз үйге тапсырыс алып отырмыз. Алдағы уақытта демалыс орындарына ұлттық құндылықты насихаттауды, шетелдік туристерге ерекше дүниемізді көрсетуді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.
Мөлдір Нұғманованың ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында бастаған ісі кейіннен кәсіпке айналып, табысқа кенеліп отыр. Ол киіз үйге қажет материалдарды, қарағаш, тұт сияқты ағаштарды ауылдағы азаматтардан сатып алады. Бес қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана жас кәсіпкерлерге, алдымен, төзімділік қажет дейді.
– Келешектің іргесін бүгін қалау керек. Ал бүгін қаланған еңбектің жемісі ертең құрдымға кетпесін десек, бәріне жан-жақты қараған жөн. Айналып келгенде «Мемлекет маған не береді?» емес, «Мен мемлекетке не беремін?» ұстанымын ұстанғанымыз ұрпағымыз үшін ұтымды болар еді, – деген кәсіп иесі қиындықтарға жан-жақты қарап шешім шығаруға кеңес береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 213
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 209
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 714
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 837
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513