ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДЕРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДЕРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мақтаарал ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылды. «Мырзашөл-құс» ЖШС-ң құс фабрикасы - ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Сондай-ақ, өндіріс орны - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңір тұрғындарын құс етімен, жұмыртқамен қамтуға бағытталған.
Жобаның І кезеңі бойынша 10 мың бас етті «Бройлер» тауығының балапандары өсірілуде.
«Фабриканы барлық стандарттарға сай жасақтап жатырмыз. Құстарға жем, су беру толық автоматтандырылған. Мақсатымыз - халыққа сапалы, жоғары сұрыпты құс өнімдерін ұсыну. Бүгін жобаның І-кезеңін іске қосып отырмыз. Фабрикамыздағы құстар гармондық қоспаларсыз, өсу стимуляторлары қолданылмай, генетикалық түрлендіргіш заттарсыз өсіріледі. Алдағы уақытта фабрикамызды үлкейтіп, бірнеше кезең бойынша өнім санын да арттырмақшымыз. Қазіргі таңда 5 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы жобаның IV кезеңінде жұмысшылар саны 15-ке жететін болады» - деді, фабриканың басшысы Қасымхан Муталиев.
Айта кетейік, кәсіпорынның І, ІІ кезеңдері бойынша жылына 20 миллион жұмыртқа, 5 мың тонна құс етін өндіру және ІІІ, IV кезеңдері бойынша тәулігіне 48 тонна өнімді құрайтын жем цехын іске қосу көзделген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
21.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 534
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 536
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 462

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20855
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20638
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35771
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34293
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38170