ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің отырысы өтті.
Аталған отырысқа Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Келелі кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев модераторлық етіп, бұл басқосудың ел бірлігін нығайтуда маңызы ерекше екенін атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды ашық әрі еркін пікір алмасуға және сұхбаттасуға шақырды.
– Елдік мұраттың сәтті жүзеге асуы халықтың ынтымақ-бірлігіне тікелей байланысты. Бұл орайда, Президент тапсырмасы аясында өңірімізде мемлекеттік бағдарламаларды халыққа кеңінен түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы сәтті жүргізіліп келеді. Осы орайда айтарым, ауылдардағы жастарды мемлекет ұсынған гранттарға тартуды әлі де жандандыра түсу керек. Оның ішінде, отбасына салмақ салмай осындай тегін оқуларға түсіп, тіпті шәкіртақы алуға мүмкіндік бар. Мәселен, былтыр облыс колледждеріне 17 мың грант бөлініп, оның 11 110-ы игеріліп, қалған 5 900 орыны игерілмей, кері қайтарылған болатын. Ал биыл республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Сондай-ақ облыста «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге аса бастады. Биыл жоба шеңберінде Түркістан облысына 20 млрд. теңге бөлінді. Оған өңірдегі 16 ауданнан 64 ауылдық округ қатысты. Нәтижесіне қарай жыл сайын қатысатын ауылдар саны артады. Бұдан бөлек, жастардың әлеуетін көтеруге бағытталған «Жастар практикасы», «Серпін» бағдарламалары бар. Осы бағдарламаларды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктермен күш біріктіре отырып, аудан, қалаларда насихаттауды жалғастыруымыз қажет, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Бірлікке үндеген басқосуда облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов, облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Сейдулла Садықов, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі Ерсұлтан Әмірбек атқарылған жұмыстар бойынша мазмұнды баяндама жасап, алдағы жоспар-жобаларымен бөлісті.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында өңірімізде қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайтуға белсенді үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Оларға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Алғыс хаты табыс етілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496