Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында «Қазсушардың» Түркістан филиалы Жетісай және Мақтаарал аудандарында сор шаю жұмыстарын жүргізуді бастады.
Жетісай ауданында 60,8 мың гектар, ал Мақтаарал ауданында 43,5 мың гектар суармалы алқапта сор шаю жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Екі ауданда да жұмыстарды наурыз айының бірінші онкүндігінде аяқтау жоспарда бар.

«Сор шаю – жердің тұздануына қарсы күрестің ең тиімді әдісі. Барлық жұмыс топырақтағы тұз мөлшері мен оның механикалық құрамын ескере отырып жүргізіліп жатыр. Сор шаю жұмыстарын уақытылы және толық қамтамасыз ету үшін филиал тұрақты түрде қажетті шараларды жүзеге асырады», – деді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы директорының міндетін атқарушы Ербол Салихбаев.
ҚР Су ресурстары және ирригация
министрлігінің баспасөз қызметі















