ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН
 Түркістан облысында 2023 жылы 168,6 мың адамды атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 14,4 млрд.теңге бөлінген. Сондай-ақ, 48,2 мың баланы қосымша әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.
-Түркістан облысында 2023 жылғы 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 27 мың отбасы, яғни 157,5 мың адам әлеуметтік көмек алған. Оның ішінде 33,8 мың адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы 48,7 мың баласына 2023 жылдың 1 желтоқсанына 1 млрд. 695,2 млн.теңгеге қосымша әлеуметтік төлем тағайындалды,- деді Ербол Дүйсебайұлы.
Бүгінде облыста 97 мың адам мүгедектігі бар азамат есепте тұр. Бұл облыс халқының — 4,6%-ы, республикадағы мүгедектердің 14%-н құрайды. Мүгедектігі бар балалар саны – 14 901 болса, ересектер саны – 82 175-ке жеткен. Басқармаға бағынысты Түркістан облысы аумағында 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме бар. Олар мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, 2023 жылы облыста мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 11,1 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде, 25 желтоқсандағы жағдаймен қаралған қаржылар есебінен 59 222 техникалық оңалту құралдары мен қызметтер көрсетілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495