ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
✔️Түркістан облысында шегіртке мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес күшейтілді. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды. Жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, жұмысты ширату міндеті жүктелді. Химиялық өңдеу жұмыстарын бір күн де кешіктірмеу, жағдайды бақылауда ұстау, дәрі сапасын қадағалау, жұмысты сапалы атқару тапсырылды.
📌– Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шараларын уақтылы әрі сапалы жүргізуді тапсырамын. Жұмысты реттеп, кемшілікке жол бермеу қажет. Техникалардың, мамандардың, жұмысшы топтардың дайындығын қазірден пысықтаңыздар. Ауа райын жіті бақылап, дәрілеу жұмыстарын кешіктірмей бастау керек. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы күнделікті баяндап отырыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрбол Бекмұратовтың айтуынша, зерттеулер нәтижесінде Түркістан облысында 2025 жылы шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңделетін жалпы 384 мың гектар аумақ анықталған.
✔️ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан биыл облысқа 192,0 мың гектар аумақты өңдеуге қаржы қаралды. Бірақ, бұл шегірткеге қарсы күресуге толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан жергілікті бюджет қаражаты есебінен шегірткені мерзімінде жою және облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында басқармалар мен резервтен қосымша қаржы қаралып, жалпы 372 мың гектар аумақта шегіртке зиянкесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Химиялық күрес шараларына 205 жерүсті желдеткіш бүріккіш техникасын жұмылдыру көзделген.
📌Зерттеулер нәтижесінде облыстың негізгі 9 аудан, қаласындағы 56 ауыл округіне қарасты аумақтардан шегірткенің 2143 ошағы анықталды. Жалпы 65 аумақта жұмысшы топ айқындалды. Шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру шараларын тиімді жүргізу мақсатында 4 жедел штаб орны белгіленді.
📌Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Плаловтың мәлімдеуінше, биыл облыстық бюджеттен саяқ шегірткелермен күреске тиісті қаржы бөлініп, 50 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Шегірткеге қарсы күрес барысы облыс әкімінің қатаң бақылауына алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӘЖІКСТАНДЫҚ ДИҚАНДАР МАҚТААРАЛДЫҚ МАҚТАНЫҢ СОРТЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.01.2025 105
ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.01.2025 94
 САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ДЕН ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.01.2025 37
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 21 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛМАҚ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.01.2025 100

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13432
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12271
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15511
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14437
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19474