ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңірлердің, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын көтеру жұмыстары жалғасуда. Осы ретте Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ораңғай ауылында № 41 өрт сөндіру депосының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Өңір басшысы көпшілікті құттықтады.
– Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтануы облыс әкімдігінің назарында тұр. Тұрақты қолдау көрсетілуде. Бұл өрт сөндіру бекетінің орны айрықша. Себебі, мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылып, өндіріс орындары ашылады. Бүгін тапсырылған бекетке осы зауыттар мен кәсіпорындардың, жақын маңдағы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктеліп отыр. Бұл міндетті абыроймен атқаратындарыңызға сенімдіміз! – деді Дархан Сатыбалды.
Жаңа өрт сөндіру депосы «Turan» арнайы экономикалық аймағында салынды, ол аталған аймақ пен жақын орналасқан елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жергілікті бюджет есебінен салынған бұл өрт сөндіру депосы төрт өрт сөндіру көлігімен қамтылған. Екі қабатты өрт сөндіру депосында өрт сөндірушілер үшін барлық жағдай жасалған. Оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмесі, спорт және конференция залы, техникалық үй-жайлар, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы қарастырылған.
Жаңа өрт сөндіру депосында 50 өрт сөндіруші қызмет атқарады. Аталған өрт сөндіру бөлімі заманауи өрт сөндіру техникаларымен қамтамасыз етілген. Жаңа өрт сөндіру депосы өрт сөндірушілердің қызмет атқару және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Салтанатты шара жаңа депоның аумағына ағаш отырғызу рәсіміне ұласты.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 488
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 580
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 587
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 580
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 585
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 361

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11670
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10600
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13833
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12792
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17796