ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.
«Бүгінде Түркістан облысындағы балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалау шаралары жүргізіліп жатыр. Осы орайда лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары тексеріліп, алдын ала медициналық тексеруден өтуі бақылауға алынған. Биыл облыс көлемінде 33 жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы жоспарланған. Оның 17-і жергілікті СЭББ тарапынан тексеріліп, оң қорытынды алды. Ал 3 лагерьдің санитарлық кемшіліктері түзетілуде. Қалған демалыс орындарын санитарлық талаптарға сәйкестендіру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- дейді Асқар Бекболатұлы.
Айта кетейік, жалпы жаз мезгілінде Түркістан облысында 33 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Биыл өңірдегі 70 мың бала сауықтыру лагерьлерінде демалады. Оның ішінде 50 мың бала - әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен тегін демалса, 20 мың бала - ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста жалпы 3 421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5775
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5721