ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ИУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛПАУЫТ КӘСІПОРЫНДАРДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ИУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛПАУЫТ КӘСІПОРЫНДАРДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Түркістан өңірінде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің делегациясы кезекті рет ҚХР мемлекетінде жұмыс сапарымен жүр. Бірнеше аудан, қала әкімі мен кәсіпкерлерден құралған делегация Иу қаласында орналасқан ірі тоқыма кластерімен танысты. Бұл өнеркәсіпте 300-ден астам адам Қытай нарығына және сыртқы нарыққа да шұлық және тоқыма өнімдерін өндірумен айналысады. Сонымен қатар ірі әлемдік брендтердің тапсырыстарын орындайды.
Одан кейін түркістандықтар кіші өндіріске арналған жабдықтар сату орталығымен танысты. Бұл орталық 2000-нан астам жабдық түрлерін ұсынады. Жабдықтардың арзан бағада ұсынылуы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңа кіші өндіріс орындарынашуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында Иу қаласының кәсіпкерлік палатасының басшысы Мистер Лиу Түркістан өңірі кәсіпкерлеріне жабдықтарды сатып алуда толық қолдау көрсететінін айтты.
8 желтоқсан күні делегация күн сәулесінен энергия алатын бақылау камераларын және жарық шамдарын өндіретін кәсіпорында болды. Кәсіпорында 200-ден астам жұмыспен қамтылып, бақылау камераларының 100-ден астам түрі және жарық шамдарының 50-ге жуық түр өндіріледі. Компания басшылығына Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, әріптестік байланыс орнату ұсынылды.
Иу қаласында кәсіпкерлік палатасының ұйымдастырылуымен Қазақстан және Қытай кәсіпкерлері арасында B2B форматта бірқатар кездесулер өтті. Кездесу барысында Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Инвесторларға арналған мүмкіндіктер туралы айтылды. Келіссөз барысында Иу қаласының мектепке арналған керек-жарақ бұйымдар өндіретін кәсіпорны Түркістан облысында өндіріс орнын ашуға қызығушылық білдірді.
Маңызды келіссөздер соңында Иу қаласының кәспкерлер палатасы мен Түркістан облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы арасында достық және ынтымақтастық қарым-қатынас меморандумына қол қойылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513