ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК АУДАНДАРЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРМЕН ҚАМТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК АУДАНДАРЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРМЕН ҚАМТЫЛУДА
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданына іссапармен барып, бірқатар нысанды аралады. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, мердігерлермен кездесті.
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кентінде 1500 орынға лайықталған жайлы мектеп бой көтеруде.
🔁Мектеп құрылысымен танысқан Нұралхан Көшеров мердігерлерге сын-ескертпелер айтып, нақты міндеттер жүктеді.
📌– Құрылысты жүргізуге барлық мүмкіндік беріліп, жағдай жасалды. Бірақ әлі де кемшіліктер бар. Аудан әкімі, білім саласына жауапты басшылар күндіз-түні бақылап, қадағалауы керек. Өйткені бұл – Президентіміздің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан аса маңызды жоба. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Білім ордасының құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен 2023 жылдың мамыр айында басталған. Мердігер мекеме – «Bazis Construction» ЖШС. 4,058 гектар аумақта орналасқан мектеп ғимаратының жалпы ауданы – 14 710 шаршы метр. Мұнда 105 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым, жол салу, интернетке қосу жұмыстары толығымен аяқталған. Нысанды биыл пайдалануға беру көзделуде.
✔️Жалпы ауданда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектеп салу жоспарланған. 2023 жылы 2 мектептің құрылысы басталды. Одан бөлек, биыл Облыстық білім басқармасы тарапынан мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы 3 мектептің құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда.
✔️Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысына Мақтарал ауылдық округі аумағында орналасқан К-20 каналының жағдайы таныстырылды.
✔️1924 жылы салынған каналдың ұзындығы – 27,18 шақырым. Су өткізу қабілеті – 10,0 м3/сек. Суғармалы жер көлемі 10 832 гектарды қамтиды. Каналдың 5 шақырымы бетондалмаған. Сондықтан бетондау жұмыстарын, сондай-ақ негізгі бөлігінің тозығы жетуіне байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4809
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4974
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19924
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22036