Шымкент қаласында дойбыдан Қазақстан Республикасының ересектер және жастар арасындағы чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының дойбышылары 5 алтын, 5 күміс және 4 қола иеленіп, командалық есеп бойынша көш бастады. Шымкент қаласы жүлделі екінші орынды иеленсе, қарағандылық дойбышылар үшінші орынды қанжығасына байлады
Облыс құрамасы сапында жүлдегер болған спортшылар: Айбек Наралиев (ерлер, классика - алтын), Вероника Тен (әйелдер, классика - алтын), Есбол Еренғайып (ерлер, рапид - алтын), Айбек Наралиев (20 жас, блиц - алтын), Есбол Еренғайып (ерлер, блиц - алтын), Әділхан Азамат (23 жас, классика - күміс), Әділхан Айшабибі (20 жас, рапид - күміс), Айбек Наралиев (ерлер, рапид - күміс), Әділхан Айшабибі (20 жас, классика - күміс), Әділхан Азамат (23 жас, блиц - күміс), Мырзахан Нұрбол (20 жас, рапид - қола), Вероника Тен (әйелдер, рапид - қола), Есбол Еренғайып (ерлер, классика - қола), Әділхан Азамат (23 жас, рапид - қола).