ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, ұлтаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
– Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде балаларды өтірік тіркеп, жалған мәлімет беріп жатқан балабақшалар анықталды. Жүргізілген мониторинг нәтижесі солай көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, тексерілмеген, жалған ақпарат тарататындар бар. Ақпараттандыру саласындағы белсенділікті арттырған жөн. Жұмыс күші де жетіспейд, бізде. Қазіргі уақытта 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларға жұмыссыз азаматтарды тартыңыздар. «Жастар практикасы» бар, «Серпін» бағдарламасымен оқу, әскерге шақыру жұмыстары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Сондай-ақ NEET санатындағы жастарды колледжге оқыту мәселесі де өзекті. Биыл жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс беріп отырмыз. Жастар грантта оқи алады. Осы бағытта да жұмысты қолға алыңыздар, – деген облыс әкімінің орынбасары нақты жұмыс жоспарын ұсынуды тапсырды.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мен этносаралық бірлікті нығайту, бір идея төңірегіне топтастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Содан соң Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев аудан, қаладағы ахуалдар туралы атап өтті.
Жиын барысында түрлі ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Мәселелер ортаға салынып, нақты шешімдер қабыланды. Қауіпті орындарға бақылау камерасын орнату және жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушыларға экологиялық сауатты көтеру, қоршаған ортаны қорғау, тазалау жолдарын үйрету жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 244
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 314
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 267
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 303

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5720