ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Көшпелі кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселені көтерді. Өңір басшысы халықтың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап беріп, талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады. Ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.
📌– Отырар – өзінің бай тарихымен, көне тартпас құндылықтарымен, даңқты перзенттерімен әлем назарын өзіне аударып, ұлттың рухани алтын қазығына айналған аудан. Ауданда алға қойған жобалар мен жоспарлы жұмыстар нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдіктерге ел экономикасының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау бағытында Отырар ауданында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 8 елді мекенде құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылды. Нәтижесінде Ақтөбе және М.Шойманов елді мекендерінде 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы, 6 елді мекенде 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданы табиғи газға қосылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Аққұм елді мекенінде дәрігерлік амбулатория және Шытты елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы 85 млн.теңгеге 13 жоба қаржыландырылып, биыл 670 млн. теңгеге 132 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 19 маманға 7 млн. теңгеге бірреттік жәрдемақы, 4 маманға 31,4 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Шәуілдір ауылындағы 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
✔️Биыл аудандағы 8 елді мекеннің 23 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыркүйек айында ел игілігіне беріледі деп көзделген. Ал 2 елді мекенде ауыз су құрылысы жүргізіліп, биылғы жылы пайдалануға берілмек. Ш.Қалдаяқов ауылындағы жабық спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.
✔️Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстары мен биылғы жылғы жоспары туралы баяндама жасады.
✔️Облыс әкімінің отырарлық тұрғындармен кездесуі жеке қабылдауға ұласты. Өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспаөз қызметі
______________
ТУРКЕСТАН: В ОТЫРАРСКОМ РАЙОНЕ УЛУЧШАЕТСЯ ИНФРАСТРУКТУРА
✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с жителями Отырарского района. Прибывшие на выездную встречу жители подняли ряд актуальных вопросов. Глава региона ответил на вопросы, выслушал требования и обращения граждан. Он отметил, что работа по развитию района будет продолжена на постоянной основе, но в этом деле должны быть активны не только местный акимат, но и жители.
📌- Отырарский район богат своей богатой историей, древними ценностями, здесь родились известные личности. Отырар является духовной колыбелью нации. В районе успешно реализуются проекты. Я специально приехал, чтобы обсудить проблемы. Глава государства Касым-Жомарт Кемелович дал поручения местным акиматам повысить потенциал экономики страны. В прошлом году, в рамках проекта «Ауыл – ел бесігі», в восьми населенных пунктах Отырарского района было реализовано девять проектов на 1,4 миллиарда тенге. В результате проведены работы по строительству домов культуры на 150 мест в населенных пунктах Актобе и М. Шойманова, средний ремонт 16 улиц в шести населенных пунктах. Новый микрорайон в селе Шаульдер подключен к природному газу. В рамках проекта по модернизации сельского здравоохранения введена в эксплуатацию врачебная амбулатория в населенном пункте Аккум и фельдшерско-акушерский пункт в населенном пункте Шытты. Кроме того, по программе «Ауыл аманаты» было профинансировано 13 проектов на 85 миллионов тенге, в этом году планируется финансирование 132 проектов стоимостью 670 миллионов. В рамках программы «С дипломом в село» в 2024 году 19 специалистам было выделено единовременное пособие в размере семи миллионов тенге, четырем специалистам предоставлен бюджетный кредит на приобретение жилья на сумму 31,4 миллиона тенге. В рамках пилотного проекта «Комфортная школа» введена в эксплуатацию школа на 600 мест в селе Шаульдер», – сказал аким области Нуралхан Кушеров.
✔️В этом году планируется провести средний ремонт 23 улиц в восьми населенных пунктах района, работы будут завершены в сентябре. В двух населенных пунктах планируется строительство водопроводов. Строящийся в селе Ш. Калдаякова скрытый спорткомплекс будет введено в эксплуатацию в октябре 2025 года.
✔️Аким района Кайрат Жолдыбайулы выступил с докладом о проделанной работе по социально-экономическому развитию района и планах.
✔️Встречу акима области с населением продолжил личный прием. Глава региона заслушал обращения жителей. Заявления были внесены в протокол и взяты на контроль.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4496
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4670
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19617
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18272
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21724