ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯНЫҢ ОРКЕСТРІ КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА Ш.ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯНЫҢ ОРКЕСТРІ КОНЦЕРТ ӨТКІЗДІ
 
Қазығұрт аудандық «Мәдениет сарайында» Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияның «СҮГІР» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің «Кино әуендері» атты концерті өтті. Тыңдармандарды қызықтырған концерттік бағдарлама көрермендерге тамаша әсер сыйлады.
✔️Аталмыш концертте қазақ, түрік, үнді тағы басқа шетел киноларының және танымал мультфильмдердің саундтректері орындалды. Әр композицияның орындалуы ерекше, ұлттық аспаптарда жеткізілген әуендер тыңдармандарды ескі естеліктерге түсіріп, өнердің шексіз мүмкіндіктерін сезіндірді.
✔️Сонымен қатар ұлттық аспапта орындалған қазақ халқының күйлері концертке келген көрермендерге ерекше серпіліс берді. Күй шеберлерінің орындауындағы әрбір әуен, әсіресе, домбыраның әсем дыбысы мен қоңыр сазға бөлеген қобыздың үні мәдениетіміздің бай мұрасын қайта жаңғыртты.
✔️Концерт соңында оркестрге аудан тұрғындары қошемет көрсетті. Бұл шара, сөзсіз, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырып, ұлт өнеріне деген құрметті арттырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 100
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 38
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 81

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2136
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2371
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17259
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15982
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19354