ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
 
Түркістан облысы, Сайрам ауданында жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданға қарасты елді мекендерде жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнату және жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстары «Көрікті Сайрам» коммуналық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүзеге асырылуда.
✔️Атап айтқанда, аудан аумағынандағы Шымкент қаласының шекарасынан бастау алатын Жібек жолы көшесі бойымен Манкент жолайрығына дейінгі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілері жаңартылуда. Сонымен қатар аудандық маңызы бар KXSR-14 «Ақсу – Иманалиев – Толеби – Кыстаубаев» көшелері, KXSR-16 «Ақсу – Әйтеке би – Ынтымақ» көшелері және KXSR-18 «Алаш – Манкент – Сиқым – Жібек жолы» көшелеріне жаяу жүргіншілер жолағы сызылуда. Бұл жұмыстарға 3 техника және 20 жұмысшы жұмылдырылды.
✔️Айта кетейік, алдағы уақытта аудан аумағындағы елді мекендерде әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге жол белгілері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолағы сызылады. Жүргіншілер жолағын жаңату – аудан көшелеріндегі жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 97
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 38
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 78

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2134
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2368
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17257
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15980
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19352