ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 6 ЖЫЛДА 139 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 6 ЖЫЛДА 139 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНДЫ
Түркістан облысының аудан, қалаларын дамыту стратегиясын бекіту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Сарыағаш ауданын дамыту жоспары талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сарыағаштың әлеуеті толық қолданылмай отырғанын айтып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмысты жүйелеуді тапсырды. Басым бағыттар – өндіріс орындарын көбейту, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өнімділікті арттыру.
– Ізденіс, даму, өзгеріс керек. Ізденбейтін, өзгеруді қаламайтын адамның, басшының жетістікке жетуі қиын. Жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Бір зауыт тоқтап қалса, көрсеткіш түсіп кетпеуі үшін өндіріс орындарын көбейтіңіздер. Ауданның туристік, өндірістік, логистикалық, транзиттің мүмкіндігі жоғары. Ауыл шаруашылығын дамытуға да қолайлы. Жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, ауданды дамыту жоспары жан-жақты сараланып, барлық сала зерделенген. 2030 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес ауданда 139 жобаның тізімі жасалған. Құны 144,2 млрд. теңге болатын жобалар арқылы 4663 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде өнеркәсіп саласында 51, туризм саласында 25, ауыл шаруашылығында 31, құрылыста 17, қызмет көрсету саласында 15 жоба жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылы ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 747,9 млрд. теңгені құрап, 2,5 есеге артады деп күтіліп отыр. Алдағы 6 жылда 527,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, көлемі 2030 жылы 3,8 есе артады деп көзделген.
«Сарыағаш» индустриалды аймағында жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, кілем, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіру жобалары жүзеге асады деп жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 70
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 592
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 708
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 621
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 631

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8767
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8166
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9149
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10380