ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ҚОСЫМША КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді. Зиянкестермен қосымша күрес күшейтіліп, қажетті техника жұмылдырылды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларының басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Зиянкестерге қарсы қосымша күрес жұмыстарын қысқа уақытта аяқтауды, жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.
Бүгінде Түркістан облысы Арыс ауданы Қожатоғай ауылдық округінде шегіртке тектестердің ұшуы орын алды. Ауылшаруашылық дақылдарының зақымдануы орын алған жоқ.
Тиісті жұмыстың ерте басталып, дер кезінде жүргізілуінен ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Биыл шегірткенің таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты бір айға созылды. Залалсыздандырудан аман қалған шағын көлемінің қанаттанып, үйірленуі байқалуда. Сондықтан қосымша өңдеу жүргізілуде.
Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы күрес «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» болжамымен 260 мың гектардан астам алқапқа жүргізілді. Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша жалпы аумағы 715,18 мың га алқап талық зерттелген. Химиялық өңдеу жұмыстары нақты республикалық болжам орталығы анықтаған алқаптарда атқарылды. Мамандар шегірткенің таралу ошағы жойылғанын мәлімдеген.
Облыста жалпы өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталып, химиялық өңдеу жұмыстарына 100 дана жер үсті техникалары және 6 дана ұшақ жұмылдырылды. Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысты.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

МҰХАММЕДСАБЫР ЖОЛДАМАҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.06.2024 1228
ШАРДАРА СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.06.2024 38
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.06.2024 29
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БИЫЛ 2400-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.06.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.06.2024 71

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 802
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 373
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1656
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1296
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2444