ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Созақ ауданындағы Бабата елді мекеніндегі аз қамтылған отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен баспана берілді. Осы орайда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа үйдің кілтін табыстап, үй иесін құттықтады. Бес бөлмелі баспанада су және жылу жүйелері толықтай орнатылған. Сондай-ақ, шаруашылықты дамытуға арналған 20 соттықтан астам жер телімі бар.
«Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуы тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама. Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша біз бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 530
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 532

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20849
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20634
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35766
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34285
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38166