ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйлестіруімен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.
Акция мақсаты – көпбалалы отбасылар, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары, ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау.
Шара барысында 30 балаға мектепке арналған сөмке мен оқу құралдары тарту етілді. Сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
Балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлау мақсатында, Түркістан қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялық саяхат жүргізілді.
Айта кетейік, облыстағы әрбір аудан-қалада «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. 1 тамызда басталған бұл науқан 31 тамызға дейін жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 12
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 11
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 22
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 15
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 16

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1173
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7219
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11084
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7285
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7430