ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Жетісай қаласындағы «Қажымұқан» орталық стадионында І лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатындағы кезекті кездесуін «Түркістан» командасымен өткізген «Жетісай» футбол клубының ойыншылары қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Ә дегеннен қарсыластың қақпасына қауіпті шабуылдарды арты-артынан ұйымдастырған алаң иелері 21-минутта Елжас Сарыбайдың соққан тамаша голымен есеп ашты. Алғашқы голдан соң қонақтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік берген Жетісайдың жігіттері шабуылды бәсеңдетіп, қорғаныста ойнады. Әйтсе де, бірінші тайм 1:0 есебімен өзгеріссіз аяқталды.
Ал екінші тайм басталысымен ойынның 54- минутында «Жетісай» командасының капитаны, 70 номерлі ойыншы Бекнұр Рысқұлдың 11 метрлік айып алаңынан жолдаған добы түркістандықтардың қақпасына дәл кірсе, 62-минутта 23 номерлі Қазыбек Мұхитұлының соққан тамаша голы есепті 3:0 жеткізді. 64-минутта Бекнұр Рысқұл қарсыластың қақпасына кезекті голын соққанымен «Түркістан» командасының 10 номерлі ойыншысы Дилмурод Паччахановтың 78-минутта соққан голы есепті 4:1-ге өзертті. Кездесудің 82-минутында алаңға шыққан 10 номердегі Жетісайдың сұрмергені Димаш Құдайберген бесінші голдың авторы атанса, қосымша уақытта түркістандық ойыншы Хасан Сабирхан есепті қысқартты.
Тартысты өткен кездесудің қорытындысы бойынша есеп 5:2 болып аяқталып, 5 кездесуде 12 ұпай жинаған Жетісайдың жігіттері турнир кестесінде І орынға шықты. ІІ орынға 10 ұпаймен «Екібастұз» командасы жайғасса, 9 ұпаймен «Каспий» командасы алғашқы үштікті қорытындылап отыр. Айта кетейік, «Жетісай» футбол клубы 10-мамыр күні өз алаңында «Каспий» командасын қабылдайтын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 534
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 536

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20855
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20638
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35771
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34294
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38170