ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ет, сүт, ауыл шаруашылығы өнімдері тиімді әрі арзан бағада ұсынылып, халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар 19-дан астам тауар түрі нарықтағы бағадан 40-50 пайызға төмен бағада саудаланды.
Мәселен, нан бөлкесінің бағасы - 70 теңге болса, жұмыртқа данасы - 40 теңге, тұз - 45 теңге, ал пияз - 77 теңгеден сатылды. Картоп пен сәбіз - 100 теңге, І сұрыпты бидай құны – 190 теңге, күнбағыс майы - 520 теңгеден бағаланды. Тұрғындар қолжетімді өнімдер үшін ризашылығын білдірді.
Баға тұрақтылығын сақтау бағытындағы жәрмеңкелер «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5121
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20078
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18723
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22181