ТҮРКІСТАНДА «БАБАЛАР РУХЫНА 100 ХАТЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «БАБАЛАР РУХЫНА 100 ХАТЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

2025 жылдың 1 қазанында рухани астана Түркістан төрінде, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған «Бабалар рухына 100 хатым» атты тағылымды іс-шара өтті.

Бұл рухани жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, ел ақсақалдары, Түркістанның тұрғындары мен қонақтары қатысып, рухани іс-шараның мәнін арттыра түсті.

Шара қонақтарды ыстық ілтипатпен қарсы алудан басталып, киелі кесене алдында құрбандық шалу рәсімімен жалғасын тапты. Бас мүфти жиналған жамағатқа жүрекжарды сөзін арнап, ұлы бабалардың аманатын сақтау мен ұлттық рухты жаңғыртудың маңызына тоқталды. Одан кейін зиярат жасап, Қожа Ахмет Ясауи баба мен Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың рухына бағыштап Құран оқыды.

Кесене маңында Түркістан облысының наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы 100 хатым Құранды оқып, дұға жасады. Шара соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата беріп, игі тілегін жеткізді.

02.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 462
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 657
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 648

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19353
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19198
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34337
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32906
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36710