ТҮРКІСТАНДА КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалды абаттандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Осы мақсатта Түркістан қаласында көктемгі тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланы автобуспен аралап, жұмыс барысын бақылады.
Сенбілік демалысқа қарамай жұмыс істеп жатқан коммуналдық сала өкілдері 5 мыңдай көшет отырғызу жұмыстарын атқаруда.
Орталық маңызы бар 11 көшедегі үйлердің қасбеттері реттеліп, қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Бекзат Саттарханов көшесіндегі 127 үйдің шатыры бірыңғай түске өзгертіліп, 1000 метрден астам қоршаулар сырланып, ретке келтіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға 500-ден астам адам, 22 арнайы техника тартылған.
Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласы Наурыз мерекесіне дайындықты қазірден бастап кетті. Биыл шаһарда республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5203
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5361
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20325
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18961
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22425