ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2023» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2023» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады.
Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 6 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарды
Конкурс қорытындысына сәйкес І орынды Абилдаевтар отбасы (Төлеби ауданы), ІІ орынды Айтбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы) мен Бейсенбаевтар отбасы (Түркістан қаласы), ІІІ орынды Смайловтар отбасы (Қазығұрт ауданы), Ақжаровтар отбасы (Шардара ауданы), Ергешовтар отбасы (Сарыағаш ауданы) иеленді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 10 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығы белгілі. Себебі қазақ халқы үшін отбасы деген қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ.
Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып саналады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 224
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 221
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 724
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 847
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 760

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8916
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8310
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11537
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9294
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10522