ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағынауданында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік орталыққа арнайы барып, ел ақсақалдарымен, ардақты аналарымен кездесті. Еркін пікір алмасып, ұсыныстарын, ойларын тыңдады.
– Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту – міндетіміз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар жүріп, облысымыздың аудан, қалаларында «Белсенді ұзақ өмір» орталықтары ашылып жатыр. Бүгін тағы бір жаңа орталыққа келіп тұрмыз. Маған аға буынмен сөйлескен, пікір алмасқан өте ұнайды. Шынын айтсам, аталарымызбен, апаларымызбен сөйлессем, ойым сергіп, демалып қаламын. Сіздер – ұрпаққа үлгі бола білген буынсыздар. Ел бірлігін сақтау, қоғамды дамытуда әлі де қосар үлестеріңіз мол.
Денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз ұзақ болсын! – деген Дархан Сатыбалды ғимараттың бөлмелерін аралап шықты.
Түркістан қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-іне қарасты «Белсенді ұзақ өмір» секторының №1 филиалында зейнеткерлер үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған. Денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу жасауға арналған бөлмесі бар. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі. Жан мен тәнді емдеп, ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге толық мүмкіндік қарастырылған. Бір айда 150 адамды қабылдауға қауқарлы.
«Бекзат» шағынауданының ел ағалары мен әжелері осындай арнайы ғимарат ұсынған облыс, қала басшылығына ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, «Бекзат» шағынауданында 8 мың зейнеткер бар. Енді олар осы орталықтың қызметін үздіксіз пайдалана алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 55
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 99
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 101
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 428
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 391

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9084
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8483
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11711
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9477
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10692