ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «OTAU GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр.
Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Облыс бойынша 2023 жылы көпқабатты 87 үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджет есебінен 57 үй, 3051 пәтер болса, ал жеке салушылар есебінен 30 үй, 300 пәтер тапсырылған. Жалпы 900 мың мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5195
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5355
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20320
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18956
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22420