Бүгін Түркістан қаласы халқының игілігі үшін қайта жаңғыртудан өткен «Селмаг» су қоймасы пайдалануға берілді. Су қоймасының жалпы қуаттылығы 5200 мың шаршы метрді құрап, 7000 абонентті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.
1950 жылдан бері жұмыс істеп келген «Селмаг» су қоймасы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қайта жаңғыртудан өткен.
Нысанның реконструкциялау жұмыстары 2023 жылы басталып, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отыр.
Су қоймасы бірнеше мөлтек аудан және Тәуке хан көшесі мен С.Ерубаев көшелерінің арасындағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етпек.
Су қоймасы жалпы 4 насостық станция, 1 тазарту құрылғысынан тұрады. 2600 шаршы метрді құрайтын 2 резеруары бар. Аталған нысан апатты жағдайларда 25 мың тұрғынды қосымша сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.