ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
Түркістан облысының тұрғыны, 72 жастағы қадірменді қария Жолдасбек Тұрманбетов Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Батагөй» республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленді.
Аталған шара Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – этномәдени дәстүрлерімізді жаңғырту, насихаттау арқылы ұлттық болмысымызды бекемдеу. Сонымен қатар қоғамда ақсақалдар институтының рөлін күшейту, жас ұрпаққа халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрін сіңіру, батаның қадір-қасиетін түсіндіру.
Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. 1-кезеңде байқауға қатысушы ақсақалдар немерелерімен өздерін таныстыра отырып, кезектесе өздері шығарған бата беру өнерін көрсетті. Алдымен ақсақал батаны бастап, немересі сол батаны жалғастырды. 2-кезеңде ақсақалдар экранға шыққан ұлттық салт-дәстүр түрлеріне орай қол жайып, бата қайырады. Ал 3-кезеңде қатысушылар байқауды аяқтайтын қорытынды батаны ұсынды. Бұл бата жарысты қорытындылап, қатысушылар мен көрермендерге арналды. Батаның мазмұны, оның қорытынды мәні және әсерлілігі бағаланды.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетсек, республикалық байқауда абырой биігінен көрінген жерлесіміз Жолдасбек Мүбаракұлы ақсақал Арыс, Кентау қалаларында неміс тілі пәнінің мұғалімі, әскери жетекші қызметтерін абыроймен атқарған. 1982 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Арыс қаласы Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі, әскери жетекші, директордың тәрбие ісін атқарып, 2014 жылы зейнеткерлікке шығады. 2014-2017 жылдары Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылы батагөй қариялардың облыстық байқауына қатысып бас жүлдені жеңіп алса, 2019 жылы Талдықорған қаласында өткен батагөй қариялардың республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленіп, облыстың намысын қорғады.
Батагөй қария ардагерлер кеңесі жанынан «Ардагер» атты ансамбль құрып, сол ансамбльге жетекшілік етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541