ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ  АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ
Бейсенбі күні Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты «Coworking» орталығында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы аудандық байқау өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қазақ тілін меңгерген алты өзге ұлт өкілі қатысты. Үміткерлердің тілді игеру деңгейіне, жауаптарының мазмұндылығына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық кітапхананың кітапханашысы Гүлбара Смағұлова, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Гүлнәр Сексенбаевалардан құралған қазылар алқасы баға берді.
Қатысушылар төрт кезең бойынша бақтарын сынады. «Жұлдызды сәт» деп аталған бірінші кезеңде өз өнерлерін көрсетсе, «Сөздің көркі» атты екінші кезеңде үміткер белгілі бір мақал-мәтелді жалғастыруы тиіс болды. Бұдан кейін экрандағы ұяшықтарда көрсетілген тақырып төңірегінде ой өрбітті. Соңғы төртінші кезеңде әр үміткер бес сұраққа жылдам жауап беруі тиіс болды. Оларға Мемлекеттік рәміздер, ұлттық тағамдар, ел тарихына қатысты сауалдар қойылды.
Сонымен, сайыстың қорытындысы бойынша, барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, сұрақтарға мүдірмей жауап берген иран ұлтының қызы Махбуба Сарова жүлделі 1-орынды иеленді. Жеңімпаз Масанчи ауылындағы «Ботақан» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етеді. Ал, екінші орынға дүнген қызы Санва Рашида жайғасса, Сортөбе ауылынан «Бүлдіршін» бөбекжайының тәрбиешісі Хива Зульфия үшінші орынды иеленді.
«Қазақ тілінің мәртебесін көтерудің негізгі шарттарының бірі – этнос арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Үміткерлердің осындай байқауға қатысып, бақ сынауы – мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін жоғарлатуға, оны рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеуге қосқан үлесі деуге болады»,-деген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әбдікерімұлы жеңімпаздады грамоталармен марапаттап, сыйлықтарын табыс етті.
Қордай ауданының әкімдігі
09.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 241
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 238
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 740
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 863
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 776

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8932
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8326
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11554
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9310
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10538