Тұсаукесер тойының шығыны көптеген факторға: қонақтардың саны, дастарқан мәзірі, рәсімнің салтанатты деңгейі, орын таңдау және қосымша қызметтерге байланысты өзгеріп отырады.
Дастарқан мәзірі
Үйде өткізетін болып, 10-15 қонаққа үйде дастарқан жайсаңыз, азық-түлікке шамамен 50 000-100 000 теңге кетеді.
Мейрамханада өткізетін болсаңыз адам басына орташа есеппен 6 000-15 000 теңге шығады. Мысалы, 30 адамға дастарқан жайсаңыз, шамамен 180 000-450 000 теңге қажет.
Тұсаукесер рәсімі
Тұсаукесер тойы – қазақ халқының дәстүрлі және маңызды отбасылық мерекелерінің бірі. Бұл – бала алғашқы қадамдарын басып, жүруге талпыныс жасаған кезде өткізілетін салттық рәсім.
Тұсаукесетін ала жіп: 1 000-5 000 теңге. Бала жүріп өтетін ақ кілем 10 000-15 000 теңге. Ұлттық киім: 10 000-30 000 теңге. Сондай-ақ тұсау кесетін адамға той иесі шамасына қарай сыйлық жасайды.
Қосымша шығындар
Музыка, фотограф немесе видео түсіру: 50 000-150 000 теңге. Сыйлықтар мен тойбастар: қонақтарға арналған шағын сыйлықтарға шамамен 20 000-50 000 теңге кетуі мүмкін.
Жалпы шығын
Егер үйде қарапайым түрде жақын туыстарыңызбен өткізсеңіз, 70 000-150 000 теңге жетеді. Орта деңгейде: мейрамханада 30-50 қонақ шақырсаңыз, 300 000-500 000 теңге. Салтанатты түрде: ауқымды тойханада жасайтын болсаңыз 600 000-1 000 000 теңге немесе одан да жоғары болуы мүмкін.
Тұсаукесер тойының бюджеті отбасының қаржылық жағдайына және салт-дәстүрге деген көзқарасына байланысты реттеледі. Егер шығынды қысқартқыңыз келсе, үй жағдайында өткізіп, жақын адамдарды ғана шақырған жөн.