Құнанбайдың ұлы Хәкім Абайды халқы болыстыққа екі рет сайлаған екен. Ол кезде болыстықтың мерзімі үш жыл болса керек. Хакім үшінші рет болыстық сайлаудан өз еркімен бас тартыпты.
Неге?- деген сұраққа. Алғашқы жылым мақтаумен марапат қабылдауға кетеді. Екінші жыл ел аралап соны өзім жасаймын, тағыда сол көрініс. Соңғы жылым жаңа сайлау науқанына дайындықпен өтеді.
Уәде құдайдың бір аты емес пе? Есегің көпірден өткенше уәдені нартәуекел деп үйіп төгесің. Уәде саған тегін тоқаш емес қой. Оның да сұрауы бар. Құдайдан қорық, пендеден ұял деген. Шені бар, шекпен кимей-ақ халыққа адал қызмет етуге болады ғой-деп шештім деген екен ғұлама.
Сол айтпақшы ауылда жылда соғым сойып сататын Ерсайын деген аудандық мәслихаттың депутаты бар дейді көршім Ернат. Енді одан соғым алмаймын. Екі рет аузымды ысып кетті. Өмірі семіз айтып арық шығады.
Биылғы сойатын соғымын төрт ай баққан, төрт елі қазысы бар, тумаған төрт жасар ту бие-деп еді. Ауыз толтырып айтқасын екі жілік алып едім, қазысы бармақ шықпайтын байтал болып шықты. Былтыр да аузымды осылай ысып кетіп еді-деп көршім ашулы.
Әлеуметтік желіні ашып қалсаң Ерсайын ағаның соғымы секілді уәденің науқаны басталып кетіпті. Қазір Абайдың заманы емес. Уәдеден жалыққан жұрт, сенің әрбір айтқан сөзіңе фиксация жасап, бірнеше жылдан соң да алдыңнан шығаруы әбден мүмкін
Арық айтып, семіз шығайық жігіттер.