Ұйымдастырған – ОЛАР

Ұйымдастырған – ОЛАР

ҰҚК бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімов бастаған бір топ адамға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Олар Қылмыстық кодекстің «мемлекетке опасыздық жасау», «билікті күшпен басып алу» және т.б. баптарымен айыпталған. «Билікті күшпен басып алу» бабына назар аударыңыз. 

Осыған байланысты ақпанның 7-сінде жазған болжамымды жариялайын. 

7 ақпан, 2022 жыл. «Қаңтар қырғынын кім ұйымдастырды?» деген сұрақ төңірегінде неше қилы болжамдар айтылуда. Лукашенко «оны Батыс елдері ұйымдастырды» деп салыпты. Тіпті кешелері «Британия болуы мүмкін» деген ақпараттар шығып жатты. Әуелгіде «Ауғанстан жақтан келген террористер» деген сөздер айтылған. 

Бәрі бос сөз. Ұйымдастырушылар алыста емес. Жақында. 

Оқиға былай болған тәрізді. Бұл – менің болжамым.

Ұйымдастырушылар бұл қырғынға дайындалғалы қашан! ОЛАР (№1-дің жақыны бастаған топ) №1-дің көзі жұмыла сала немесе комаға кеткен бойда қырғынды бастап кетпек еді. Сөйтіп, тақты №2-ден тартып алмақ жоспары бар-тұғын. №1 жуық арада өле қоймады, комаға да кетпеді.

Сөйтіп жүргенде оның тағдырын көрші елдің диктаторы шешті. Ол №2-ге №1-ді тағынан біржола тайдырып, бар билікті алып беретінін айтты. Сол үшін №2-ге өзінің шарттары мен талаптарын мәлім етті. «Келісесің бе?» – деп сұрамады. «Осылай болады!» – деді. №2-нің келіспеске шарасы жоқ еді. 

Сонан кейін №1 мен №2 2021 жылғы желтоқсанның 28-інде көрші диктатордың елінде болатын кезектен тыс жиынға шақырылды. Олар ол елге желтоқсанның 27-сіне жетті. 

Желтоқсанның 28-інен кейін №1 мәдениетті түрде тұтқындалды. Елге қайтарылмады. Соны білген №1-дің орнын көздеп жүрген ОЛАР дереу іске кірісіп, №2-ні орнынан аударып тастау жоспарын асығыс жасай бастайды. Сөйтіп, қаңтардың бірінен бастап автогаз бағасын 120 теңгеге көтеріп жібереді. Бұл халықты митингіге шығарудың сылтауы-тұғын. Оның үстіне бейбіт митингіге шығару үшін халыққа немесе митингіні ұйымдастырушыларға ақша төлеген де сыңайлы. Олай дейтінім, бір мезгілде жер-жерде біріне-бірі ұқсас митингілер қалайша бұрқ ете қалады? Әншейінде митингіге енжар едік қой. 

Сонымен бейбіт митингіге ОЛАР-дың өздері дайындаған лаңкестері жоспарлы түрде араласады. Алматыда қаңтардың 4-і күні кешке «Алматы арена» жанына жиналған халыққа екі «Газель» көлігі келіп, 0.5 литрлік бөтелкедегі ауызсу тегін таратылады. Ол суда есірткі болуы мүмкін. Оны ішкендер лаңкестер бастап көрсеткен бұзақылыққа оп-оңай араласып кетеді. Одан арғысы халыққа мәлім.

Айқас №2 мен ОЛАР-дың арасында болған. №2 жеңіп шықты. Қазір ОЛАР-дың он бес адамы «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті асыра пайдаланды» және «билікті басып алмақ болды» деген айыптар бойынша қамауда отыр. 

Міне, жағдай осындай. Ешқандай Батыс елдері, ешқандай Британия емес ұйымдастырған. Ұйымдастырған – ОЛАР!

 

Нұрлыбек Саматұлы
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633