Үкімет Ұлт ұстазын ұлықтауға қаржы таба алмай отыр

Үкімет Ұлт ұстазын ұлықтауға қаржы таба алмай отыр

Биыл ЮНЕСКО көлемінде атап өткелі жатқан Ахмет атамыздың мерейтойын жаңа Қазақстанның билігі жетім қыздың тойынан да төмен деңгейде  өткізуде. Туған жері Ақкөлге дейінгі 110 шақырым жолдың 20 шақырымын ғана дұрыстады, ал туған үйін керемет етіп саламыз деп бұзып, сапасыз материалдан салып жатқанын көріп халық шулап, Архимедтің көзін шұқыды. Ардақтысын осылай биліктің қор еткеніне намыстанған ауылдағы туыстары мардымсыз зейнетақысы мен шәкіртақысын қосып, 10 млн теңгеге кесене тұрғызып, Архимедке құрылысты қалай салу керек екенін көрсеткен соң, облыс басшысы ұялғаннан мұражай үйін дұрыстап сала бастады. Билік Алаш ардақтысын қорлап, ел шулап  жатқанда «ұлт, тіл жанашырымыз» деп, саяси ұпай жинап жүрген мүйіздері қарағайдай ақын-жазушыларымыз бен  депутаттар ұлт ұстазының туған жеріне ат ізін де салмады. Ел жаздай келеді деп сарғая күтті. Өткен апта өз жұмыстарыммен Торғайды аралап, ел-жұртпен кездестім. Қыркүйек айының 3-5 аралығында Ақкөл мен Торғайға мемлекеттік хатшы Е.Қарин бастаған шекпенділер келіп, Ақкөлге 30, Торғайға 70 киіз үйді сән-салтанатымен тігіп, ұлан-асыр той болады деп ел дүрлігіп жатыр екен. Шекпенділерге беретін ас, шапан, тігетін 100 үй, олардың қонатын үйлері, мінетін көліктері сияқты қызметтің шығынын облыс әкімі, тағы да сіңірі шығып отырған ауылдың шаруа қожалықтары, зейнеткерлер мен мұғалімдердің мойнына іліп, соларға міндеттеп қойыпты. Жыл бойы ат ізін салмаған ақын-жазушы ағаларымыз бен Ақ үйдің маңындағы шенеуніктер, депутаттар, тойға не беттеріңмен келесіңдер, халықтың аузынан жырып жейтін қазы-қарта мен қымыз өңештеріңнен қалай ғана өтеді?! Ұялмайсыңдар ма? Тігетін 100 киіз үй мен жейтін астарыңа кететін 50 млн теңгені елді қинамай, бюджеттен Торғайға бөлмедіңдер ме?! Жазда Алматыда өтетін Роза Рымбаеваның концертін өткізуге еш қиналмай 111 млн теңге бөлгендеріңде, қазақтың болашағы үшін өмірін қиған, ұлттың сауатын ашқан Ахмет Байтұрсынұлына 50 млн теңге бұйырмады ма? Халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын Жаңа Қазақстанымыз осы ма?                                  

Батыр СЕЙКЕНОВ, кәсіпкер
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 167
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 678
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 798
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8866
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8262
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11490
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9246
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10473