Ұлағатты ғалым-ұстаз артында өшпестей із қалдырды

 Ұлағатты   ғалым-ұстаз артында өшпестей із қалдырды

Ләтипа Мұратбекқызы Ахметова 1941 жылы 1 қыркүйекте қазіргі Абай облысында  дүниеге келген. Мектеп бітірген жылы Алматы қаласындағы Сергей Миронович Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетіне бірден оқуға түсіп, студент қатарына қабылданады. 

Өйткені бала кезден газет-журналдарға мақаласы шыққан және мектепті өте жақсы бітіргендіктен, емтихан тапсырғанда қиналмай бірден оқуға түсті. Ол жылдары еліміздегі жалғыз журналистика факультетіне көбіне еңбек өтілі барлар түсетін. Университеттің бес жылын үздік бітіріп, Қазақ радиосына бірден қабылданады. Қазақ радиосында екінші курстан бастап жұмысқа қабылданып, сабақтан тыс уақытта жұмыс  жасаған еді. Белгілі ғалым профессор Рымғали Нұрғалиевпен сол жылдары кездесіп, отбасын құрды. Балалары дүниеге келді. Университеттің аспирантурасына оқуға түсіп, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Отбасында екі ұл, екі қызды дүниеге әкелді. Университетте ұзақ жылдар дәріс оқыды. Республикамызға тамаша талантты радиожурналистер дайындауда аянбай еңбек етті. 1960 жылы Кеңестік делегацияның құрамында Францияға барып, Париждің белді жоғарғы оқу орнында өткен үлкен конференцияда баяндама жасап, ерекше көзге түсті. Көптеген Еуропа ғалымдарына кішкентай ғана қазақ қызының шығыс әйелдерінің бостандығы мен білім алу хақы  және қоғамдағы рөлінің артуы жайлы  жасаған баяндамасы қатты қызықтырды. Университетте қазақ бөлімінде  журналистика саласы бойынша алғашқы қорғағандардың алды болды десек қателеспеген болар едік. Ұзақ жылдар журналистика факультетінің телерадиожурналистика кафедрасының доценті, Ләтипа Мұратбекқызы студенттерге радиожурналистикадан дәріс оқыды. Радиомен тығыз жұмыс жасап, студенттердің радиода тәжірибе алмасуына да ықпал ете білді. Қазіргі таңда аға буын мықты журналистердің көбісі Ләтипа Мұратбекқызының мектебінен өткендер десек қателеспеспіз. Ұзақ жылдар журналистика саласына еңбек сіңірген ұлағатты ғалым-ұстаздың еңбегі бағаланып, талай мемлекеттік марапаттармен де марапатталды. Көрнекті ғалым, ұстаз артында өшпестей із қалдырып дүниеден өтті. Талай жанға мейірім шуағы мен білім нұрын шашқан тамаша ұстазымыздың екінші ғұмыры жарық болсын. Артында қалған ұрпақтары ата-анасының салған ізгі жолын жалғастырары сөзсіз. Ләтипа ұстаздың иманы саламат болсын. Қош бол, радиожурналистердің ұлағатты ұстаз анасы!..

Ш. С. НҰРЖАНОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 

журналистика факультеті

 

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

КӨКБӨРІ
- 09.04.2026 304

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24575
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41688
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41959