ҮЛКЕН КІСІНІҢ САРЫСУ САПАРЫ

      ҮЛКЕН КІСІНІҢ САРЫСУ САПАРЫ
1980 жылы қазақтың даңқты перзенті Дінмұхамед Қонаевтің Жамбыл облысының Сарысу ауданына жасаған жұмыс сапары туралы "Правда" газеті ресми хабар берді. Онда "Камчатка" түбегінде әскердемін. Одақтың бас басылымын әскери бөлімдегі бүкіл қазақ жастары болып, оқып мәре-сәре күйге түскенімізге қырық жылдан асыпты.
Димаш Ахметұлы Жаңатас маңындағы кен орындарын аралап, кеншілер қаласының тіршілігімен танысып, Байқадамға келіпті.
Іргелі ауылға жақындағанда алдынан дәм-тұз алып шыққан "Байқадам" совхозының көкөніс өсірушісі Тамдыкүл Жамбылова мен "Коммунар" совхозының механизаторы Көрғұлы Қойқаповтың күн қатқан жүздеріне мейірлене қараса керек.
Үлкен кісінің жанары Тамдыкүл апамыздың Ленин орденіне түсіп, "Хасан-ау, Социалистік Еңбек Ері араларыңызда жүр ғой" деп обкомның бірінші хатшысы Хасан Бектұрғановқа қарапты. Көп ұзамай байқадамдық көкөніс өсіруші "Алтын жұлдыз" тақты омырауына.
Одан әрі "Коммунар"," Байқадам" совхоздарын аралап, ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегімен танысады. Ауылдағы ағайынмен дидарласады. Аудан орталығындағы 124-ші кәсіптік-техникалық училищеде болғанда жас кадрлардың ұстаханасындай болған оқу орнының жұмысына риза болыпты. Директоры Жақсылық Бозжігітов ағамыздың еңбегін жоғары бағаласа керек.
Үлкен кісінің ризашылығын естіп, батасын алған Жақаң одан кейінде білім саласында басшылық қызметті жемісті атқарды. Байқадам ауылдық аймағының әкімі болып еңбек еткен жылдары сан ғасырлық тарихы бар киелі мекен-Саудакентті нарықтық қатынастың өтпелі кезеңінде бүлініп, қирап кетуден аман алып қалды.
Димаш атамыздың бергі жағында тұрған Хасан Бектұрғанов та, арғы жағындағы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Асан Нүркенов те жоқ. Жақаңның да бақилық болғанына жыл артынан жыл өтіп жатыр.
Нағыз еңбектің адамы Тамдыкүл апамыздың да мына бес күндік жалғаннан өтіп кеткеніне талай жыл.
Еңбектің тайқазанын бірге қайнатқан ана апалардан арамыздан аман-сау жүргендерден кім бар екен?
Ауыл, аудан, облыс, республиканы басқарған осындай жүректері ел деп соққан есіл ерлерді, қарапайым еңбекпен ауылдың, ауданның атын аспандататқан бейнетқор аналарды Сарысудың жасампаз жұрты ұмытқан емес, үлкендер жағы еске алып, естелік айтады. Рухтарына тағзым етеді.
 
Амангелді Әбіл Қазақстанның Құрметті журналисі ҚР Журналистер Одағының мүшесі
12.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 950

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631