ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Астанада Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және бақылаушы ел ретінде Қырғызстан делегацияларының қатысуымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстанның 2024-2026 жылдары төрағалығы кезінде Халықаралық Аралды құтқару Қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспар құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыруды, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді, ХАҚҚ атқару комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі ақпараттық, талдамалық және үгіт жұмыстарын, өңірлік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және оларға қатысуды қамтиды.
Сондай-ақ, жоспарда екі ауқымды жобаны одан әрі іске асыру көзделген. Бұл Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылуда және Орталық Азияда орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарлама. Бұдан бөлек, Қор Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясына және ХАҚҚ орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияға белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті.
Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз.
 
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
18.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370