Ұлттың өзегі ананың жатырында немесе "баланың жолдасы" дегеніміз не?

Ұлттың өзегі ананың жатырында немесе "баланың жолдасы" дегеніміз не?

Жиен сіңілім босанып, оны шығарып алуға перзентханаға бардық. Құжаттарын дайындап жиналып шыққанша сыртта күтіп тұрдық та, сол жерде шақалақтарын қарсы алушыларға «Бауы берік болсын!» десіп қуаныштарымен бөлістік. Кейбір жастар қазақы салтпен шақалаққа «Бауы берік болсын!» деп тілек айтуды білмейтін болып шықты. Сөйтіп тұрғанда әңгіме қыза түсіп, «Баланың жолдасына» қарай ойысты. Біздің әңгіме көкейінен шықты ма, сол жерде өзінің шөбересін қарсы алуға келген Әкімжан ақсақал: «Әй, қарақтарым-ай, әрине, үлкендер айтпаса, сендер қайдан білесіңдер! «Баланың жолдасы» дегенді баланың иесі, есі, жады деп те айтқан», – деп, бәрімізді өзіне қаратты. «Баланың жолдасында» қасиет бар. Ол құрсақта ғана емес, өмірде де баланың рухтас жолдасы болады. Сол себепті оны баланың жолдасы, есі, иесі деген. Кеңес үкіметіне дейін қазақтар өмірге қыз нәресте келгенде – қыз ошақты, шырақты болсын деген ниетпен жолдасын (иесін, есін) үйдің жанындағы ошақтың қасына көмді. Ал, ұл туылса, елі мен жерін қорғасын деп, баланың жолдасын түзге, далаға көмген», – деп, ақсақал бізге қызық тақырыптың ұшығын ұстатты. Осы жерде сөзге араласқан жасы елулердегі апа: «Бізде Арқалықта азаттық алғаннан кейінгі жылдарда дәрігерлер баланың жолдасын банкіге салып өзіне беріп жіберетін. Қазір ғой дәрігерлер бермейді. Аналар керек қылмайды. Босанып жаны қалған ана аман-есен қол-аяғын бауырына алғанына қуанып, перзентханадан шығып кете береді. Ертеде қазақтар толғатқан ананы босандыруға ел ішіне қасиетімен белгілі, қолы шипалы, иманы кәміл, босандырудың ұлттық рәсімін білетін апаларға ғана рұқсат берген», – деді.

Біз бір-бірімізден «Баланың жолдасын» алдыңыздар ма?» деп сұрастық. Сөйтсек, баласының жолдасын ешкім алмаған болып шықты. Білместік кесірінен ата-бабасының қаны мен қан арқылы осы күнге жеткен оның бір бөлшегі перзентхананың қоқыс жәшігінде қалдырылғанына өкіндік. Бұл шынында, ата-бабамызға деген кұрметсіздігіміз дедік.

дүниедегі бар арман-мұраты артында қаны таза асыл текті ұрпақ қалдыру болған. Оны ежелден ұстанып келе жатқан «Жеті ата» салтымен байланыстырды. «Жеті ата» заңы бойынша адамның қанында жүз атаға дейін генетикалық ақпарат сақталып, баладан-балаға беріледі. Ата-бабасының тегі бір тамшы қан арқылы ана құрсағында пайда болған тіршілік иесінің бойына дариды. «Баланың жолдасын» баланың иесі, есі, жады деуіміз содан. Және «баланың жолдасы» арқылы іштегі балаға қан жетіп тұрады.

Бұл ана жатырында «баланың жолдасымен» бірге аталардың бір бөлшегі қан арқылы өмір сүреді деген сөз. Сол себепті қазақ халқы «баланың жолдасын» обал қылмай жерге көмген. Құрсақтағы баланың жолдасына қатысты ел аузында келе жатқан аңыздарда былай дейді. Тылсыммен үндес ұлттық құпия сырларын зерттеуші жазушы Мағира Қожахметованың «Тылсым құпия сырлары» атты кітабында, «Шаңырақ құрғандарына ұзақ уақыт өтсе де, құрсағына бала бітпеген келіншек, жылда бала туатын көршісіне қызыға қарап, бір жағынан оның толғататын сәтін аңдып жүреді. Оның толғағы басталғаннан бөлмесінен шықпай қадалып отырып алады. Келіншекті босандырып жатқан кіндік шеше «шыға тұр» десе де кетпейді. Сөйтіп, келіншекті босандырып болғаннан кейін шақалақты жерден көтеріп, орап болғаннан кейін жан-жағына қараса, әлгі келіншек ізім-қайым жоғалған. Өзімен бірге ана жатырынан шыққан «баланың жолдасын» ұрлап әкеткенін біледі. Сол жылы «баланың жолдасын» ұрлаған әйел бала көтерді» дейді аңызда. Ондай оқиға қазіргі кезде де ұшырасады. Ақтөбелік Күләш апа да «баланың жолдасына» қатысты өзі тәнті болған тылсым құпиямен бөлісті. Оның туған сіңілісі Ақтөбе облысы Ойыл ауданына тұрмысқа шыққан екен. Күләштің сіңлісінің қайын сіңілісі үш жылдан асса да бала көтермейді. Бұған қыздың анасы қатты уайым шегеді. Содан, келіні босанатын сәтті күтіп жүріп, босандырған дәрігерден келінінің жатырындағы «баланың жолдасын» сұрап алып, қызына ұстатады. Сол жылы қызы бала көтеріп, бұл күні төрт баланың анасы болған. Жинай берсе, ел арасында мұндай оқиғалар көп. Ана жатырындағы бала жолдасының адам өміріне жақсы әсерін, оның құпиясын білген ата-бабамыз бала тәрбиесін ана құрсағына біткен күннен бастаған. Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Советхан Ғаббасов оны: «Ақыл және жүрек, зейін тәрбиесі деген. Аяғы ауыр ананың ұйып жасаған мінәжатынан асқан іштегі балаға тәрбие жетпейді», – дейді. Сондай-ақ, құрсаққа біткен балаға байланысты қазақ халқында әуелден қолданып келе жатқан сөздер өте көп. Мысалы, ананың құрсағына бала біткеннен «Құрсақ шашу» салтын жасап, анасының көңілін аулаған. Бала сыртқы құбылыстардың бәрін сезетінін білгендіктен, ананың көңілі жадырап жүруін қадағалаған. Тіпті, құрсақтағы баланың түсіп қалуына қауіп болған кезде іштегі баланы сақтандыру мақсатында ананың етегін байлаған әдеп-ғұрпы болған. Ал, сырттағы жағымсыздықтан шошыған кезде іштегі шарананың жоғалып кетуін, құрсақтағы бала көрінбей тығылып қалуын «Бала жүгініп кетті» дейді. Елі мен жерін қорғаған ұлтына адал ұлт перзентін «алтын құрсақты» анадан туған адал ұл десе, сатқын, екіжүзді, аярларға арнап «Құрсағынан ұшынған» деп күйінген.

Ал, Еуропа ғалымдары баланың ана жатырында тек физиологиялық дене бітімі ғана қалыптасады деп келді. Соңғы уақытта адамдардың тәрбиесі мен мінез-құлқын, пиғылын ауыздықтай алмай жүрген америкалық ғалымдар адам тәрбиесінің құпиясына үңілуде. Енді «Жерден жеті қоян тапқандай» құрсақтағы баланың төрт айлығынан есі кіреді, зейіні болады деп жүр. Адам тәрбиесін ана құрсағынан бастау керек екен деуде. Оны қазақ халқы өмірде қолданып келе жатқанына он ғасырдан асып кеткенін олар қайдан білсін? Америкалық ғалымдардың «Қазақ үшін ғана емес, адамзат үшін құнды ұлттық құндылықтарын өздері неге ұстанбай, ұмытты?» деп сұрауы мүмкін ғой. Оның басты себебі қазақ ұлтын жер бетінен жойып жіберу үшін орыстар қаншама геноцид жасады. Жоя алмаған соң, ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрып құпиясын зерттеп білді. Ұлттық салт-дәстүрін жою үшін оны «ескілік» деп жымысқылық саясат жүргізіп, қазақты үркітті. Ұлттығын ұмыттырды. Енді, ата-бабамыздың ғасырдан-ғасыр өмірде қолданып келген салтдәстүрін сараласақ, қайран қазағымның ұлттығы мен ана тілін жоғалтып, өзін-өзі танымай жүру себебі ұлтымыздың ана жатырынан ұлттығын ұрлатуында деген ойға қаласың.  

ЗҮБӘЙРА ӘКІМОВА, журналист
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540