Ұлттық ойын – халық мұрасы

Ұлттық ойын – халық мұрасы
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осының негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін қалады. Бұл бертін келе шынайы спорт түрлерінің шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан оларды ұлықтау – ұрпақ парызы.
🔹Мерекеге орай ұлттық ойындарды қолдау, дамыту, қала жастарының танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтына баулу, спортқа икемді жастарды анықтау, ұлтымыздың салт-дәстүрін сақтауға шақыру мақсатында Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ер қаруы – бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі өтті.
🔹Сайыс барысында қатысушылар садақ ату, асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күрес – 6 спорт түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.
Шара соңында сайыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталмыш фестиваль алдағы уақытта да жалғасын табады.
Тараз қаласының әкімдігі
20.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1244
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2250
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3448