Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен келесіз

Ұлттық   құндылықтарды   дәріптеумен келесіз

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!

 

Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңізді отандық журналистиканы дамытуға үлес қосқан, қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп жүрген білікті журналист әрі қоғам қайраткері ретінде жақсы білеміз.

Сіз ұзақ жылдар бойы БАҚ саласында жемісті еңбек етіп келесіз. «Qazaqstan dauiri» газетінде қызмет атқарып, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналын басқарып, «ЕлАна» қоғамдық қорының жұмысына жетекшілік етіп келесіз. Мемлекеттік тілдің дамуы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны сақтау, әлеуметтік мәселелерді шешу, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдау сияқты маңызды тақырыптарды қамтып жүрсіз. Кәсіби біліктілігіңіз, азаматтық ұстанымыңыз бен жоғары жауапкершілігіңіз жас буынға үлгі-өнеге.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Атар таңыңыз арайлы, батар күніңіз мерейлі болсын. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Құрметпен, 

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ, 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі 

 

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28029
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27510
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44887
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40538
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45198